Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев өз орнын босататынын мәлімдеді. Ол Қазақстан құрамасынан кейін  Ресей клубтарын басқару ықтималдығын жоққа шығармады, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2022 жылдың сәуір айында ұстаған еді. 2 жылға жуық ұлттық құраманы жаттықтырған бапкер, бұған дейін Ресейдің «Ахмат», «Анжи»  және тағы басқа клубтарымен жұмыс істеген. 
«Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар болды, қазір де ұсыныстар тоқтаған жоқ. Бірақ мен Қазақстан құрамасымен бастаған циклді  аяқтауым керек. Алдағы шешуші ойындарға атсалысамын, нәтижесінде нақты шешімге келемін. 
Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін мойындаймын. Бірақ ол жақта қызмет ету менің арманым деп те айта алмаймын. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлық ойыншыға толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірдеңе бере алдым деп үміттенемін. Қазіргі уақытта бар ойым алдағы ойындарда», деді М.Адиев.
13 ақпан 2024 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31