Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен кездесуде испаниялықтардың сапынан екі голды Микель Оярсабаль 36 және 89-минуттарда соқса, Педро Порро 66-минутта қақпаға дәл бағыттады. Осылайша, Испания құрамасы Аустрияны 3:0 есебімен жеңіп, доп додасының 1/8 финалына шықты. Енді олар Хорватияны жеңген Португалия ойыншыларымен келесі кезеңде кездеседі.
Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Бельгия құрамасы ғаламат камбэк жасап, жеңіске қол жеткізді.





