Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 дүркін Еуропа чемпионы атанған Испания құрамасы қанша сыйақы алады?

4 дүркін Еуропа чемпионы атанған Испания құрамасы қанша сыйақы алады?

14 шілдеде Еуропа чемпионатының финалында Англия командасын жеңіп, жеңімпаз атанған Испания құрамасы ең көп қаржылай сыйақыны иеленді. 

4 дүркін Еуропа чемпионы атанған Испания құрамасы қанша сыйақы алады?

Кәрі құрлықтың басты додасында ешкімге дес бермеген испандықтар екі рекорд тіркеді. Біріншіден, Испания командасы Еуропа чемпионатында жеті ойынды қатарынан жеңген алғашқы құрама атанды. Екіншіден, Испания Еуропа чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы атанды. Олар 1964, 2008 және 2012 жылдары жеңімпаз атанған болатын.
Сонымен қатар, олар ең көп қаржылай сыйақыны иеленді.
Sport.ua, мәлітемінше, УЕФА топтық кезеңде жеңіске жеткен әр командаға 1 миллион еуро сыйақы береді. 1/8 финалға шыққаны үшін 1.5 млн еуро, ширекфиналға 2.5 млн, жартылай финалға 4 млн, финалға іркілмей өткені үшін 5 млн еуро төленеді. Ал финалда жеңіске жеткені үшін 8 млн еуро тағы беріледі.
Осылайша, турнирде барлық ойында жеңіске жеткен испандық аяқ доп шеберлері максимум сома – 28.25 млн еуро сыйақы алды. Ал финалда сүрінген Англия құрамасына берілетін сыйақы мөлшері – 24.25 млн еуро.
16 шілде 2024 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031