Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік сарапшылар Головкинді орта салмақтағы ең мықты боксшы деп мойындады

Әлемдік сарапшылар Головкинді орта салмақтағы ең мықты боксшы деп мойындады

Танымал The Ring басылымы қазіргі таңда орташа салмақтағы ең мықты боксшыны анықтау үшін 24 сарапшы арасында сауалнама жүргізді. Комиссия құрамына әр саланың мамандары кірген. Олардың арасында Келли Павлик, Джерри Куни, Пол Малиньяджи сияқты бұрынғы боксшылар, Тедди Атлас, Пэт Бернс сынды бапкерлер, журналистер мен телесарапшылар және матчмейкерлер болды. Талдаушылар Геннадий Головкиннің, Сауль Альварестің, Деметриус Эндрейдтің, Дэниэл Джейкобстың, Билли Джо Сондерстің, Сергей Деревянченконың және Джермалл Чарлоның қатысуымен өткен орташа салмақтылардың болжалды турнирлерінің жекпе-жектерінің қорытындыларын талдауды ұсынды. Барлығы 21 жекпе-жек. Әр болжалды жекпе-жек үшін боксшыға 1 балдан қосылды, тең түссе - 0,5 балл. Дауыс беру нәтижесінде Головкин жеңіске жетті. 19 сарапшы оның «Канелоны» жеңетініне сеніп дауыс берді, Чарломен өткен жекпе-жектің болжалды жеңісінің балы – 18,5, Джейкобспен –16, Эндрейдпен – 22, Сондерспен – 21,5, Деревянченкомен – 23ті құрады. Нәтижесінде GGG 120 балл жинады. Одан кейін орындарға жайғасқан боксшылар: Сауль Альварес – 101 3 Джермалл Чарло – 80 4 Дэниэл Джейкобс – 74 5 Деметриус Эндрейд – 53,5 6 Билли Джо Сондерс – 48,5.

Ақпарат көзі: Prosports.kz

24.kz
03 маусым 2018 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930