Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия ойындары: Қазақстандық фристайлшылар алтын жүлде жеңіп алды

Азия ойындары: Қазақстандық фристайлшылар алтын жүлде жеңіп алды

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге алтын медальді сыйлады.
Біздің спортшылар синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.
11 ақпан 2025 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30