Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістеріБұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kzМәнерлеп сырғанау: Denis Ten Memorial Challenge (Астана) турнирінде Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орын алды.

Дзюдо: Душанбеде (Тәжікстан) жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) және Талғат Орынбасар (60 кг) қола жүлдегер атанды.

Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды.

Триатлон: Азия кубогінде (Түркістан) қазақ спортшылары 7 медаль олжалады.

Таэквондо: Чунчхондағы (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатында Қазақстанның үш спортшысы 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі.

Жеңіл атлетика: Бельфор (Франция) қаласында ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей жартылай марафонда (1 сағат 7 минут 54 секунд) жеңімпаз атанды.

Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Фото: Скрин. Turizm jane sport ministrligi
07 қазан 2024 ж. 1 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031