Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін Олимпиада ойындарындағы кезекті жарыс күнінде стенд атудың скит бағдарламасында жарысқа Эдуард Ещенко шықса, академиялық ескек есудің Е финалында Владислав Яковлев бақ сынайды.
Жеңіл атлетика спорты бойынша биіктікке секіруден ұлттық құрама көшбасшылары Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева, дзюдодан әйелдер арасындағы +78 келі салмақта Камила Берліқаш Олимпиада ойындарындағы алғашқы белдесуіне шығады.

Жүзу спортынан Әділбек Мусин баттерфляй әдісінде іріктеу сынында шықса, семсерлесуден Олимпиада ойындарына командалық бәсекеге алғаш рет жолдама алған Қазақстан құрамасы бақ сынайды. Сонымен қатар батуттық гимнастикадан Данил Мұсабаев финалдық бәсекеге қатысады.

Бокстан әйелдер құрамасындағы Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов финалдық жолдама үшін жекпе-жек өткізеді.

02 тамыз 2024 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31