Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар» өз алаңында Семейдің «Елімайын» сүріндірді

«Қайсар» өз алаңында Семейдің «Елімайын» сүріндірді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІV турында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында Семейдің «Елімайын» сүріндірді.


Фото: instagram.com/fc_elimai

Биылғы біріншілікті сәтсіз бастаған қызылордалық клуб соңғы турларда жанкүйер көңілінен шығып келеді. Соңғы он турда небәрі бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.
Есесіне семейлік команда ала-құла ойын көрсетіп жүр. Кейінгі алты кездесуде бес мәрте тең түскен еді. 
Бүгінгі ойында семейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. 
Ойынның 13-минутында олардың қатарынан Алвеш Дос Сантос Роджерио мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. 
Ал екінші кезеңде 56-минутта «Қайсар» сапынан Айбар Жақсылықов пенальтиден таразы басын теңестірсе, 95-минутта Горан Милойко жеңіс голын соқты.
Айта кетсек, 61-минутта қызылордалық клубтан Тоқтар Жаңғылышбай қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша он ойыншымен қалса да «Қайсар» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, аталған турда 13 шілдеде «Шахтер» мен «Жетісу» тең түскен еді.
Енді 14 шілдеде 18:00–де «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» командаларының еурокубокта ойнауына байланысты аталған турдағы олардың қатысуымен өтетін бірқатар ойындар кейінге шегерілді.
14 шілде 2024 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031