Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбы атудан «Түркі», «Мажар» стилдерінде жеңімпаздар анықталды

Жамбы атудан «Түркі», «Мажар» стилдерінде жеңімпаздар анықталды

Жамбы атудан 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы ІХ ел чемпионатында «Түркі», «Мажар» стилдері бойынша жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ulttyqatsport.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Жамбы атудан «Түркі», «Мажар» стилдерінде жеңімпаздар анықталды
Фото: ulttyqatsport.kz

«Түркі» стилі сайысында жүлделі бірінші орынға Алматы қаласы мергені Ерғазы Сәрсенбай ие болса, екінші орынды жамбылдық Берікболсын Бабажан еншілеп, үшінші орынға қарағандылық Оралхан Нұрасыл тұрақтады.
«Мажар» стилі бойынша жүлделі бірінші орынды Түркістан облысы мергені Ғұмыр Лесбек иеленді. Екінші орын қызылордалық Заңғар Асханға бұйырса, үшінші орынды маңғыстаулық Айдар Әділгерей еншіледі.
Еске салайық, чемпионат Талдықорған қалалық ипподромында 10 маусымда аяқталады.

Оо
09 маусым 2024 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930