Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы федерацияның ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olimpyc.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықтыЖарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы матчын дүниежүзілік рейтингіде 46-орында тұрған италиялық Лючия Бронцеттимен өткізді.
Бұл қос теннисшінің өзара бірінші кездесуі еді.
Бастапқы партияда Елена 2:0 есебімен алға шыққанымен, Лючия таразы басын теңестірді. Дегенмен Рыбакина брейкпен тәмамдады – 6:4.
Екінші сетті Бронцетти брейкпен бастағанымен, Рыбакина ойын тізгінін қайта қолға алды – 4:1. Содан кейін қатарынан үш эйс жасап, бірінші матчболын сәтті пайдаланды – 6:3.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, украиналық Марта Костюк немесе рейтингіде 72-сатыдағы мысырлық Майар Шерифтің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.
Рыбакина өткен аптада Штутгарт WTA 500 турнирінде чемпион атанған болатын.

Фото: sports.kz

27 сәуір 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031