Әзербайжанда алты жүлде алды
Бакуде «Ұлы Жібек жолы» турнирі аяқталды. Еліміздің былғары қолғап шеберлері үшін бұл жарыс сәтсіз басталған еді. Алғашқы күні шаршы алаңға шыққан алты жерлесіміздің екеуі ғана келесі кезеңге өткенде көңіліміз біраз құлазып қалды.
Әсіресе біз Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңілгеніне қынжылдық. Аса ауыр салмақта күш сынасқан қандасымыз тұсаукесер кездесуінде есімі көпшілікке беймәлім Рамазан Карнукаевқа жол берді. Ингушетияның тумасы 2021 жылы жастар арасында Ресей чемпионы атанып, 2022 жылы Бүкілресейлік спартакиадада қола медальды иеленді. Бар белесі – сол ғана. Міне, қазақтың беткеұстар боксшысы соған есе жіберді. Осы жекпе-жекке байланысты жанкүйерлер түрлі пікір айтып жатыр. Кейбіреулер «Олимпия ойындарының жолдамасын күні бұрын олжалаған Қоңқабаев қазір бабында емес, ол мүлдем босаңсып кеткен» десе, бәзбіреулер «келесі кезеңде өзінің сыралғы қарсыласы Баходир Жалоловпен жолықпау үшін Қамшыбек осындай қадамға барды» деп топшылады. Бұл ретте қос тараппен де келісуге болады. Біздің ойымызша, Қамшыбек өзбектің оғланынан қаймыққан секілді. Басқа айтар уәжіміз жоқ.
Әзербайжанның астанасындағы жарыс әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Серік Теміржанов үшін де сәтсіз аяқталды. 63,5 кг салмақта сынға түскен ол ринг қожайыны Руслан Рустамовтан ұтылды. Сол секілді Дамир Әбдіқадыр (51 кг) ирандық Мэхди Парвизиге, Тимур Нұрсейітов (75 кг) өзбекстандық Әлішер Аюповтан айласын асыра алмады.
Финалда бес жерлесіміз жұдырықтасты. Шешуші тұста Талғат Сырымбетов (60 кг) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 кг) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, ал Сағындық Тоғамбай (92 кг) Альфонсо Домингесті ұтты. Бұл ретте Тоғамбайға ерекше тоқтала кеткен жөн. Ақтық сында ол тым азулы қарсыласқа тап болды. Әзербайжанның туы астында өнер көрсетіп жүрген кубалық қабыланның Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Еуропа ойындарының жеңімпазы, 2021 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы сол жарыстың финалисі деген атағы бар. Бірақ қазақтың ұлы одан қаймыққан жоқ. Бәсекенің басынан аяғына дейін қарқынын еш бәсеңдетпеген Сағындықтың жеңісіне ешкімнің күмәні болған жоқ.
Ақтық сайыста әзербайжандық Хасан Мәліковтен ұтылған Теміртас Жүсіпов (48 кг) күміс медальды еншіледі. Жартылай финалда Еуропа чемпионы, ресейлік Максим Кузнецовты қапы қалдырған Тимур Қабдешов (54 кг) финалда өзбекстандық Хужаназар Нортожиевпен күш сынасты. Екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ кейінгі кезеңде қандасымыздың қабағы жарылды. Соның салдарынан жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылып, Тимур күміс медальды қанағат тұтты. Ал жартылай финалда сүрінген Бекзат Таңатар (86 келі) қолаға қол созды.
Нәтижесінде, 3 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдені олжалаған Қазақстанның боксшылары жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Алдымызда – Өзбекстан (5+6+5) мен Әзербайжан (3+3+0) құрамалары.