Бокстан АЧ: Ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев күміс медаль иеленді
Иорданияда өтіп жатқан 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сында Өзбекстан боксшысымен қолғап түйістірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
92 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қоңқабаев Өзбекстанның боксшысы Лазизбек Муллажоновпен алтын жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл жолы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өзбек спортшысы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Sports.kz.
Осылайша, Қамшыбек Қонқабаев Азия чемпионатындағы төртінші күміс жүлдесін еншіледі (2017, 2019 және 2021 жылдары). Одан бөлек Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019).