Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос боксшыны қызылордалықтар қошеметпен күтіп алды

Қос боксшыны қызылордалықтар қошеметпен күтіп алды

 Бүгін қызылордалықтар бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахметті салтанатты түрде күтіп алды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.
Қорқыт ата əуежайына қос боксшының туыстары, жанкүйерлер, спортшылар, жаттықтырушылар жəне спорт саласының қызметкерлері жиналды.
"Олимп шыңында күміс медальдарымды алтынға ауыстырамын. Шаршы алаңға шыққанда халқымның қолдауын сезіндім. Маған жанкүйер болған барша қазақстандықтарға, Сыр  халқына алғыс білдіремін", - деді Қамшыбек.
Жақында ғана Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Əлем чемпионаты өткен болатын.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен 3-орынды иеленді.
Бұл сында Сыр спортшылары Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) қола жүлделерді еншіледі.

 
24 қыркүйек 2019 ж. 916 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930