Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

Астана, baq.kz. Қамшыбек Қоңқабаев –  бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны. Бұл туралы АІВА академиясының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қоңқабаев – аса ауыр салмақта сынға түсетін боксшы. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  

«Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, Қазақстан намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз», - деді Қоңқабаев. 

Бұл күндері Қазақстан боксшылары АІВА академиясының базасында жылдың алғашқы жиынын өткізіп жатыр. 

Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтаған болатын.
 
11 қаңтар 2019 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031