Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті

Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кумите бағдарламасында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) және Бэлла Самашева (55 кг) алтыннан алқа тақты.

Ал аталған турнирде қола жүлдегер болғандар: Азия ойындары чемпионы Нұрқанат Әжіқанов, осыған дейін Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы Әсел Қанай, Токио олимпиадасында олжа салған Софья Берульцева.

«Спортшыға тұғырға шығып, қолын жүрегінің тұсына қойып, өз елінің әнұранын орындау – үлкен бақыт. Сол сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені қолдаған әрбір жанға алғыс білдіремін! Алға, Қазақстан!», деді Мөлдір Жаңбырбай.
18 наурыз 2024 ж. 238 0