Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
 Велотрек. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы жарыс күні ел қоржынына қола медаль түсті.
Атап айтсақ із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Олардың уақыт көрсеткіші – 4:03.129 секунд. 
Аталған сында алтын медалді Жапония құрамасы жеңіп алса, күміс жүлдені Қытай елінің спортшылары қанжығасына байлады.
Сондай-ақ спринтте (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) Қазақстан атлеттері 5-сатыға жайғасты.
Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. 
Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.
22 ақпан 2024 ж. 337 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 37

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930