Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰЛАШЫН ЖАЙҒАН ҚОЛДОБЫ

ҚҰЛАШЫН ЖАЙҒАН ҚОЛДОБЫ

Шиелі ауданында 2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында облыс біріншілігі болып өтті. 4-8 қазан аралығында өткен жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты. Әр команда құрамында 16 спортшы бар. Жалпы алғанда 5 команда бақ сынады.
Жарыстың мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштікке баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Бәріңізге белгілі, гандбол ойыны спорттың ерекше түрі. Мұнда жылдамдылық пен ептілік, икемділік пен шапшаңдылық маңызды рөл атқарады.
Сайыс нәтижесімен І орынды Жаңақорған ауданының командасы жеңсе, ІІ орын Жалағаш ауданына бұйырса, ал ІІ орынды Шиелі ауданының спортшылары алды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясымен №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Раяна Ертай лайық деп танылды.
Гандбол олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, бұл спорт түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. «Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі» десек, ауыл таланттарын аршып шығарып, ұлы додаға даярлап қосу ел спортының болашағы үшін маңызы зор.

Айнұр ИБРАШЕВА
10 қазан 2023 ж. 2 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930