Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

Лионель Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты



Францияның «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси Криштиану Роналдудың Еуропаның клубтық деңгейдегі рекордын жаңартты.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аргентиналық ойыншы Франция чемпионатының 30-турында «Ницца» командасымен өткен матчта (2:0) гол соқты.
Бұл Лионель Мессидің Еуропадағы клубтық деңгейдегі 702-голы еді. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш жөнінен қазіргі кезде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналдудан (701) асып түсті. Месси бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізді.
Месси «ПСЖ» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген. Биыл барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.
09 сәуір 2023 ж. 5 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30