Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин бокстан кететінін мәлімдеді

Геннадий Головкин бокстан кететінін мәлімдеді



Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) белгісіз мерзімге бокстан кететін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы мексикалық Хайме Мунгияның бапкері (41-0, 33 КО) Эрик Моралес GGG-мен ықтимал жекпе-жегі туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып мәлімдеді.

«Менің ойымша, енді жоқ», деді Моралес әлемдік титулдарынан бас тартқаннан кейін қазақстандықпен кездесу мүмкіндігі туралы.

Головкин орта салмақта WBA және IBF чемпионы болғанымен, бірнеше апта бұрын титулдарынан бас тартқан болатын. Ал Zanfer және Golden Boy промоутерлік компаниялары Мунгияның қазақстандықпен жұдырықтасуына қызығушылық танытқанымен, Моралес Геннадийдің біраз уақыт жекпе-жек өткізбейтінін естіген.
«Компаниядан Головкиннің белгісіз мерзімге бокстан кететінін  естідім. Ал егер ол қайтып оралса, ол бәріне хабарлайды», деді Эрик Моралес.
31 наурыз 2023 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930