Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен бірде-бір рет жеңілмеген боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін – БАҚ

Головкин мен бірде-бір рет жеңілмеген боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін – БАҚ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгияның мамырға жоспарланған жекпе-жегі болмауы мүмкін
 ESPN телеарнасының журналисі Сальвадор Родригес бұған дейін 2021 жылдың мамырына жоспарланған Головкин мен Мунгия арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл тұжырымды мексикалық спортшымен жұмыс істейтін промоутерлік компанияның өкілімен сөйлескеннен кейін жасады.
Журналистің айтуынша, Хайме Мунгияның промоутерлік компаниясы Zanfer Promotions спортшының келесі жекпе-жегі 24 сәуірде өтеді деп мәлімдеген, деп хабарлайды Sports.kz.
Алайда спортшының қарсыласының аты аталмады. Мунгияның келесі жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланады.
Бұған дейін Мунгия келесі жекпе-жегін 7 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізеді деп жоспарланған болатын.
Журналист Сальвадор Родригестің айтуынша, Мунгияның сәуірдегі жекпе-жегі оның GGG-мен алаңға шығу мүмкіндігін жоққа шығарады. Айта кетейік, Головкин мен Мунгия 2018 жылы жұдырықтасуы қажет еді. Алайда Невада штатының комиссиясы 24 жастағы мексикалықты мұндай титулдық жекпе-жектер үшін жас деп санады.
Қазірге дейін Хайме Мунгия кәсіпқой рингте 36 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. 29 кездесуі нокаутпен аяқталды.

08 наурыз 2021 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031