Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин - Канело арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт анықталды

Головкин - Канело арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт анықталды

Фото: Reuters© GGG - "Канело" жекпе-жегі өтуі мүмкін уақыт анықталды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жақын арада өтуі қажет, әйтпесе өзекті болмай қалуы мүмкін. WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей осылай деді.
Фил Джей Головкиннің "Канеломен" кез келген салмақтағы жекпе-жегі айтулы оқиға болатынын айтты. 
"Алайда мексикалық боксшының жекпе-жек кестесі өте тығыз. Мамырда Йылдырыммен, кейін Сондерспен жекпе-жекке шығады. Түрік боксшысының мүмкіндігі жоқ, ал "Канелоның" қазіргі дайындығы Билли Джодан әлдеқайда күшті. Бұл екі кездесуден кейін не болатыны белгісіз. Мүмкін, Головкинмен немесе күзде Платпен үшінші жекпе-жегінің өтетінін жариялайды. Қазір GGG "Канеломен" бәсекелесе алатын санаулы спортшылардың бірі. Ал көрермендер мен жанкүйерлер бәсекені қалайды. Екі жақ та жағдайды жақсы түсінеді және жекпе-жек өткізу үшін қолдан келгенін жасайды", - дейді ол.
Сарапшы жекпе-жек өтуі ықтимал мерзімдерді атады.
"Олар күзде немесе келесі жылдың көктемінде кездеседі. Одан кейін жекпе-жек өзегін жоғалтады", - дейді Фил Джей.
Айта кетейік, ресми келіссөздер әлі болған жоқ. Бұған дейін БАҚ-та Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйекте "Канеломен" үшінші жекпе-жегін өткізуге тырысады, ал Хайме жеңсе, болашақта Альвареске қарсы тұра алатын жаңа жұлдыз пайда болатыны хабарланған еді. 

https://kaz.tengrinews.kz/​​​
10 ақпан 2021 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31