Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

БАҚ Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі болатын күнді жариялады. Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме беріп. 

Бұл жекпе-жекке дейін Головкин Мексикалық спортшыны, бірінші орта салмақтағы экс-чемпион Хайме Мунгияны жеңуі керек. Бұл жекпе-жек мамыр айында өтеді деп күтілуде.
"Ресми келіссөздер әлі жүргізілмегенімен, барлық тараптардың, сондай-ақ екі боксшы мен олардың жекпе-жегін көрсететін DAZN стримингтік платформасы қызығушылық білдірген. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйек айында Канеломен үшінші жекпе-жекке шығады, ал егер Хайме жеңсе, алдағы уақытта Альвареске қарсы жекпе-жекке шығатын жаңа жұлдыз  болмақ", - деп жазады ESPN Deportes дереккөзі.
Еске сала кетейік, Головкин мен Канело екі жекпе-жек өткізді: біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде болды. Тартысты жекпе-жек теңдей аяқталды, ал бір жылдан кейін реваншта мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын.

https://stan.kz/
 
 
04 ақпан 2021 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031