Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін айтты

Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін айтты

Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін айтты

IBF, WBA Super және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол спорттағы мансабын аяқтар алдында туған еліне осындай құрмет көрсетпек
Vesti.kz сайтының жазуынша, бұл туралы GGG америкалық журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 40 жасқа келген боксшы өз елінде бір жекпе-жек өткізіп, одан кейін қолғабын шегеге ілмек екен.
Головкин Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет қана жұдырықтасқан болатын. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді. 
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.
https://baq.kz​​​
06 тамыз 2022 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031