Жанқошқа жанкүйер болайық!
21 наурызда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осы жарыстың басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров пен мексикалық Алехандро Менесес күш сынасады. Олар IBO Intercontinental нұсқасының чемпиондық белбеуін сарапқа салады.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Ацтектер елі өкілінің жасы – 32-де. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жұдырықтасуда. Сол кезден бері 21 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. Тоғыз қарсыласын есінен тандырды. Өзі үш мәрте нокаутқа түсті. Кейінгі екі жылда төрт рет шаршы алаңға шығып, барлық бәсекеде басымдық танытты. Осыдан дәл бір жыл бұрын Менесес ұлыбританиялық Сэм Максвелді техникалық нокаутпен жеңіп, IBO World Super Lightweight нұсқасының алтын белбеуін иеленді.
Жанқош Тұраров та 32 жаста. Оның спорттың осы түрін серік еткеніне 14 жылға жуықтады. Сол аралықта 26 рет рингке көтеріліп, қарсыластарының барлығын қоғадай жапырды. 19 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Жанқоштың IBO Intercontinental нұсқасының чемпионы деген атағы бар.
Күні кеше «Алматы Аренада» өтетін дәл осы жарыста жұдырықтасатын боксшылардың есімдері белгілі болды. Тағы бір басты жекпе-жекте Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) күш сынасады. Оның қарсыласы – Женел Лауса. 34 жастағы Филиппин боксшысы осыған дейін 12 кездесу өткізіп, соның бірде-біреуінде жеңілген жоқ. Ол жеті қарсыласын есінен тандырды. Бұл бәсекеде жартылай жеңіл салмақтың алтын белбеуі сарапқа салынады. Ал өзге жекпе-жектер мына былғары қолғап шеберлері арасында өтеді: Абылайхан
Құсайынов – Зухриддин Хамрокулов (Өзбекстан), Жолдас Жеңісов – Асадбек Мамажонов (Өзбекстан), Дәурен Елеусінов – Бахром Паязов (Өзбекстан), Елхан Табынбаев – Малхаз Суджашвили (Грузия), Адлан Селмұрзаев – Азамат Белғожин, Жандос Қыдыралиев – Руслан Берчук (Ресей), Әлихан Түленбаев – Мақсат Осмонов, Нұржан Серікбаев – Баяман Әлімбеков, Бауыржан Бейілдинов – Нұрсұлтан Смайыл және Балауса Мұздиман – Зухра Исраилова.