Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Өткен бейсенбі күні Төңкеріс ауылдық округінде Амангелді Көпейұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир жалауын көтерді.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Тұран ауылдық округінің әкімі Болат Баймағамбет сөз алып, жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілесе, Тұран ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бодыбай Құлахметов турнирдің ашылу салтанатында ақжарма тілегін айтып, турнирге қатысушы жастарға ақ батасын берді.
Қатысушылар өз салмақ дәрежелері ­бойынша бірнеше топқа жіктеліп, шаршы алаңда сынға түсіп, бақ сынауда. 3 күндік турнирге Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Арал, Қызылорда, Түркістаннан жалпы 200-ге жуық спортшылар қатысуда.
Айта кетейік, бұл облыстық турнирге «Төңкеріс-К» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Көпеев демеушілік танытуда. Турнир 19 ақпан күні өз мәресіне жетеді.

Дархан Байтілес

20 ақпан 2023 ж. 805 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 16

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930