Энергетиктер бақ сынады
Өткен аптада Ғафур Мұхамеджанов атындағы №270 мектепте Қазақстан Республикасына «Еңбегі сіңген энергетик», «Еңбек Қызыл Туы» орден иегері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Болат Медетбековтың 85 жылдығына орай «Өрелі ұрпақтың өнегелі тұлғасы» атты спартакияда өтті.
Спорттық спартакиядаға аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы, еңбек ардагерлері Әшім Оразбекұлы мен Тілеулі Сырымбетов, сондай-ақ аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы Нәйлә Палымбет қатысты. Ауданның «Құрметті азаматы» болған Болат Медетбековты еске алуға арналған турнир салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Спорттық сайысты арда азаматтың ошағын сөндірмей, өзі өлсе де, сөзін өлтірмей, оның қалдырған өнегесін өзгелерге дәріптеп, ізін жалғап жүрген жары Бибіхан Айманқызы өз сөзімен ашып берді.

Спорттың шағын кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі секілді 6 түрінен өткен жарысқа 7 команда қатысып, баптары мен бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, аудан көлемінде өткізілген бұл спартакиядаға «Уранқуат» ЖШС, «Ру-6» ЖШС, Шиелі РЭС АО «КРЭК», «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Шиелі жарығы» ЖШС, «Семізбай – U» ЖШС, ЭЧС-25 АО НК «КТЖ» командалары қатысты. Ойын бірнеше сағатқа созылып, спорттық сайыс тартысты өтті. Қорытынды есебі бойынша «Семізбай – U» ЖШС командасы ойыншылардың ішінен топ жарып І орынмен марапатталды. ІІ орынды Шиелі РЭС АО «КРЭК», құрамасының ойыншылары иеленсе, ІІІ орынды «Шиелі жарығы» ЖШС командасы қанжығалады. Ал төртінші орынды «Уранқуат» ЖШС тобы еншіледі. Бесінші орынға «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Ру-6» ЖШС, ЭЧС-25 АО НК «КТЖ» командалары жайғасты. Марапат иелері мен барша қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды.
Айта кету керек, энергетиктер арасында өткізілген ауданаралық спартакияда 2000 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Болат Медетбековті еске алу мақсатында спорттық спартакияданы әке жолын жалғаған энергетик ұлдары Серік Медетбеков пен Мәлік Медетбеков ұйымдастырды.
Сымбат СҰЛТАН