Нар тәуекел – ер ісі, сенбі күні күте ме, Геннадидің жеңісі?
9 сәуір күні кәсіпқой бокстан IBF пен IBO нұсқалары бойынша алтын белбеудің иегері Геннадий Головкин мен WBA тұжырымының суперчемпионы Риото Мурата қолғап түйістіреді.
Қос тарап өткен жылы 29 желтоқсанда Жапонияның Киото қаласында күш сынасуға келіскен. Алайда аталған елдегі карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты кездесу 2022 жылға шегерілген болатын. Міне енді белгілі болғандай, кездесу 9 сәуір күні Қызылорда уақытымен сағат 14:00-де Жапонияның Сайтама қаласында өткізілмек. Ал кездесуді Qazsport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
Қос тарап өткен жылы 29 желтоқсанда Жапонияның Киото қаласында күш сынасуға келіскен. Алайда аталған елдегі карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты кездесу 2022 жылға шегерілген болатын. Міне енді белгілі болғандай, кездесу 9 сәуір күні Қызылорда уақытымен сағат 14:00-де Жапонияның Сайтама қаласында өткізілмек. Ал кездесуді Qazsport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
Кездесудің өзіне тоқталар болсақ, осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы жоғарыда аталған нұсқалардың чемпиондық белбеулердің барлығын иеленді. Жеңілгендері өз атағынан айырылады. Бір сөзбен айтқанда «не бел кетеді, не белбеу кетеді».
GGG-дің жүріп өткен жолы барша жанкүйерлерге жақсы мәлім. 39 жастағы жерлесіміз 43 кездесудің 41-інде жеңіске жетіп, 36 қарсыласын есінен тандырды. Бір рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Ал 35 жастағы Жапонияның жұлдызы әуесқойлар арасында да толағай табыстарға қол жеткізген. 2011 жылы әлем чемпионатында күміс алса, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бас жүлдені олжалаған. Содан кейін кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. Сол кезден бері 18 рет шаршы алаңға көтеріліп, 16 жекпе-жекте басым түсті. 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Екі бәсекеде Мурата жеңілістің кермек дәмін татқан.
Жапондықты алынбайтын қамал деуге болмайды. «Бірақ қырыққа таяған шағында кәсіпқой бокста 12 раунд жұдырықтасу оңайға түспесі анық. Сондықтанда Головкиннің негізгі кемшілігі сол жасында болуы әбден мүмкін», дейді мамандар. Мәселен, Boxingnews24.com порталының тілшісі Дэн Эмброуз отандасымыздың жеңісіне сенбейді және кездесу туралы ойын былай жеткізді, «Головкиннің Канело Альвареспен, Кассим Оумамен және Сергей Деревянченкомен болған ең ауыр шайқастарында — GGG-дің қарсыластары оның корпусына бағыттаған жойқын соққыларымен қысым көрсетті. Міне, сол кезде GGG қиындықтарға тап болды. Мұрат мұны Канело, Оума және Деревянченкодан гөрі әлдеқайда жақсы жасай алады. Әрі жапондықтың өз жанкүйерлері алдында жұдырықтасу оның үлкен басымдығына айналуы мүмкін».
Ал Головкиннің қазіргі бапкері Джонатон Бэнкс болса, спорт тілшісінің бұл ойымен келіспейді. Оның пайымдауынша кездесудің жапондық боксшының отанында өтуі Головкинге ешқандай кедергі келтірмейді. «Керсінше Головкинді мен ұлы баскетболист Майкл Джорданмен салыстаратын едім. Себебі екі спортшы да қандай алаңда өнер көрсетсе де әрдайым тек жеңіске ұмтылады», – деді. Сонымен бірге ол спортшының денсаулық жағдайына тоқталуды да ұмытпады. «Головкин жақын арада 40 жасқа толады. Бірақ ол әлі күнге дейін жас спортшылар секілді жеңіске деген үлкен құлшынысын көрсетуде», – дейді бапкер.
Головкиннің өзі болса кездесу алдында былай деп сұқбат берді. «Мен 40-қа тақап қалдым және бұрын ешқашан 40-та болмағандықтан, оның қандай болатынын білмеймін. Бірақ қазіргі жағдай бойынша, бәрі керемет. Мен сырттан ешқандай қысымды сезбеймін. Оған мүлде мән бермеймін, сонымен қатар өз жағдайымды толық білемін. Шындықтан алыстамаймын және өзімді алдамаймын. Менде ешқандай адасу жоқ. Қолымнан не келетінін толық білемін және мансабымды жалғастырамын, өйткені қолымнан келеді».
Айта кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин жапондық Муратаны жеңген жағдайда өзінің басты қарсыласы Канело Альвареспен
3-ші жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік алады. Мамандар бұл кездесуді ғасыр жекпе-жегіне балап отыр. Кім білсін, бәлкім отызда ойран салған отандасымыз, қырқында қамал алып, Канелодан кеткен есесін қайтарып жатса нұр үстіне нұр болмай ма?
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ