Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанға белгіленді

Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанға белгіленді

Геннадий Головкин чемпиондық белдігін 21-інші рет қорғайды, деп жазды Хабар24.

Бұл – өзіндік рекорд. Жекпе-жек кеші 18 желтоқсанда Флорида штатының Голливуд қаласында өтеді. Бұл жөнінде DAZN спорттық стримингтік қызметі мәлімдеді. Қазақстандық боксшының келесі кездесуі туралы ақпарат бұған дейін де болған. Енді ресми расталып отыр. Ол жерлесіміз Камил Шереметамен жұдырықтасады. Польшалық боксшы бүгінге дейін 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты кездесуі керек.

Айта кетейік, Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын. Ал Камил Шеремета дәл осы бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен жолығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.
30 қараша 2020 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930