Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин жарақат алып қалды

Головкин жарақат алып қалды

Головкиннің жарақат алуына байланысты оның поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі ресми түрде кейінге қалдырылды.
ESPN.com орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, алдағы жекпе-жегін кейінге қалдырғанын хабарлады, деп жазды Sports.kz.

Осы себепті GGG командасы IBF ұйымынан белбеуді міндетті қорғау мерзімін ұзартуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің міндетті қарсыласы поляк Камил Шеремета болуы тиіс еді.

"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді
Badlefthook.com мәліметінше, Шереметамен айқас енді мамыр немесе маусымда өтеді. Әуелі ол 29 ақпанға жоспарланған еді, кейін 28 наурызға, одан 11 сәуірге ауыстырылды.

DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин-Шеремета жекпе-жегі үшін басқа күн іздеп жатқандарын растады. Промоутер Том Леффлер түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, Геннадий жарақат алғаннан кейін жекпе-жекке дайындалып жатқан SNAC System оқу-жаттығу лагерінен кетуді ұйғарды.

20 ақпан 2020 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031