ШЕТ ЕЛДЕ ДОП ТЕУІП ЖҮР, ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ
Осы бір сөзді есту үшін қазақ футболына әлі қанша жыл керек екені беймәлім. Десе де Ресейге салынған санкициялардың қазақ футболына оң өзгеріс алып келетін түрі бар.
CIES зерттеу ұйымының деректері бойынша қазір шет мемлекеттерде 17 қазақстандық футболшы доп тебуде. Көршілес Ресейде 5, Белгияда 1, Германияда 6, Түркияда 1, Тәжікістан мен Қырғызстанда 2 отандасымыз бар. Олардың қатарында Ресейлік «ЦСКА» командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайунтдинов, «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліп пен Белгилялық «Берсхот» командасында доп теуіп жүрген Ян Вороговскийді айтуға болады.

Футбол – саясаттан алшақ
Аяқ доп шеберлері арасында «Футбол – саясаттан алшақ» деген ұғым бар. Әлемдік футбол федерацясы да «Расизмге жол жоқ»деген ұранды үздіксіз насихаттап келеді. Әйтсе де Ресейге салынған санкицялар футболды айналып өте алмады. Алдымен Ресейлік футбол құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен шеттетілсе, кейінен әлемдік футбол федерациясы ірі газ өндіруіші «Газпроммен» келісімшартты үзді. Сондай-ақ, шет елдік бапкерлер мен футболшыларға келісімшарттарын үзіп, кез келген командаларға тегін ауысуына мүмкіндік жасап отыр. Бұл дегеніміз негізгі құрамының басым көпшілігі шет елдік легионерлерден тұратын «Зенит», «Спартак2, «ЦСКА», «Динамо», «Краснодар», «Локомотив» сынды ұжымдардан шет елдік футболшылар кетіп, олардың орындары бос қалады деген сөз.

Мәселен, бір ғана «Зенит» командасының өзінен трансферлік құны 118 млн доллар болатын 10 шетелдік футболшы тегін кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда Дулас Сантос, Деян Ловрен сынды қорғаушылардың орны босап, отандасымыз Нұралы Әліптің негізгі құрамнан ойып тұрып орын алуына үлкен мүмкіндік бар. Тиісінше негізгі құрамға өткен жағдай Зенит ойынмен келісімшарт жасасып оны Қайраттан сатып алуы мүмкін.
Келесі бір футболшы – Бахтиер Зайунтдинов. Ол доп тебетін ЦСКА командасында Юсуф Языджи, Чидера Эджуке, Хесус Медина, Жан-Фелипп Гбамен секілді мықты жартылай қорғаушылар бар. Алайда санкцияларға байланысты олардың 80 проценті командадан кетеді деген болжам бар. Демек, бұл дегеніміз 24 жастағы Бахтиерға мүмкіндіктердің үлкен қақпасы ашылып тұр деген сөз. Ал қалған ресейлік клубтарда яғни, Ахмат, Ротар командаларында өнер көрсететін Марат Быстров, Алексей Щеткин, Дмитрий Шомколар ресейлік үздік командаларға ауысуға барын салуы тиіс.
Трансферлік маусым қазақ футболшыларына жол ашады
Жоғары да айтқанымыздай, Ресейлік футбол ұжымдарынан 100-ден астам шетелдік аяқ доп шебері кетуі мүмкін. «Ресей ФФ» олардың орнын тек отандық футболшылармен толтыра алмайтыны сөзсіз. Осы орайда біздің қазақ футболшылары орайын тауып, Ресейлік топ клубтардың қатарын толықтыруы тиіс. Бұл үшін әрине Қазақстан біріншілігінің биылғы маусымында лайықты өнер көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеуі шарт. Ал қазіргі уақытта ресейлік командалардың қатарын толықтырып, негізгі құрамнан орын алуға лайықты кімдер бар? Осыны зерттеп көрдік.

Қорғаушылар
Бірінші қорғаушы – Темірлан Ерланов. 28 жастағы қорғаушы қазір Ақтөбе командасында доп тебеді, әрі ұлттық құрамаға шақырту алып отырады. Екінші бір футболшы – Ескендір Қыбырай. Ол да Ақтөбе командасының негізгі қорғаушысы қызметін атқарады. Бар болғаны 24 жаста болғанына қарамастан Ескендір ұлттық құрамаға шақырту алып үлгерді.

Келесі бір қорғаушы – Сағадат Тұрсынбай. Оңтүсітік футбол мекетебінің түлегі саналатын ол Ордабасы, Тобыл, Ертіс командаларында доп тепкен. Футболшы наурыз айының 26 жұлдызында 23 жасқа толады.
Жартылай қорғаушылар
Біздің тізімдегі алғашқы жартылай қорғаушы – Рамазан Оразов. Биыл 24 жасқа аяқ басқан ол «Қайрат», «Чайка», «Ақтөбе» командаларында доп тепкен. Ал ұлттық құрамада 16 ойын өткізіп, әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу ойындарына қатысқан.

Екінші бір жартылай қорғаушы Каспий футбол мектебінің түлегі саналатын – Мақсат Тайкенов. 1997 жылғы футболшы «Каспий» сапында 50, ұлттық құрамада 6 ойын өткізген.
Шабуылшылар
Тізімдегі алғашқы шабуылшы әрине Абат Аймбетов есімді Ақтөбелік футболшы. 26 жастағы Абат бұған дейін Ақтөбе, Қайрат, Астана сапында доп тепкен. Өзінің ерекше ойын мәнерінің арқасында Қазақстан чемпионаты мен кубогінде 136 ойында 41 гол соқса, «Чемпиондар лигасында» 1, ұлттық құрама сапында 5 гол соққан.

Ал біздің тізімдегі соңғы ойынша бұл – Оралхан Өміртаев. 1998 жылғы шабуылшы «Тобыл», «Шахтер», «Ақжайық» командаларында өнер көрсеткен. Бас аяғы 100 ге жуық ойында 20 гол соғып, өзінің шеберлігін шыңдап келеді.
Аталған футболшылардың барлығы ел біріншілігінде өз шеберліктерін дәлелдеп үлгерген. Ендігі керегі шетелде шеберлік шыңдап, деңгейі жоғары футболшылардан білмегенін үйрену. Ал Ресейдегі жағдай дәл осындай мүмкіндік сыйлап отыр. Сондықтан қазақстандық футболшылар белді бекем буып, кей қиындықтарға көзді жұмып, Ресей футболының шыңына шығуға тырысу керек. Міне сонда ғана қазақ футболы дамып, ұлттық құрамамыз әлем және Еуропа біріншіліктеріне жолдама алудан үмітті болмақ.
Рамазан ӘНӘПИЯ