Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

IBF және IBO нұсқалары бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді де, жаттықтырушыларды да, Кеңес Хамитов басқаратын федерацияны да лайықты нәтиже көрсеткені үшін құттықтаймын. Алдағы Азия ойындарына сәтті дайындық тілеймін", - деп жазба қалдырды.
Айта кетейік, жуырда Белградта өткен әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 5 медаль, оның ішінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен 51 келіге дейін салмақта Сәкен Бибосынов алтын медаль алса, күміс алқа Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановқа бұйырды. Ал қанжығадағы жалғыз қола медальді құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов жеңіп алды. 


https://stan.kz​​​

 
 
11 қараша 2021 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031