Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған бес қазақстандық спортшыны құттықтады

Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған бес қазақстандық спортшыны құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында бокстан әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады.


"Алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс жүлдегер атанған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және капитанды құттықтаймыз. Бокстан әлем чемпионатында үшінші орын алған ұлттық құрама команданың капитаныАбылайхан Жүсіповты құттықтаймын! Боксшыларымызға сәттілік тілеймін!" – деп жазды президент әлеуметтік желіде.
Естеріңізге салайық, 5 қараша күні болған финалдық ойындарда 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов тайландтық 27 жасар Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен ұтып алтын алса, 54 дәрежеге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұт Сабырхан жапониялық Томою Цубойға есе жіберіп, күміс медаль иеленген. Сәкен Бибосынов Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Серік Теміржанов америкалық боксшыдан ұтылып, күміс медаль иеленді. Бокстан Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді. ​https://stan.kz​​​
07 қараша 2021 ж. 555 0