Чемпиондар марапатталды
Қостанайда биылғы маусымдағы ел чемпионы «Тобыл» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Жастар сарайындағы салтанатты рәсімге Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтап, алтын медальдар мен чемпиондық тондоны табыс еткен бас хатшы «Тобылдың» жетістігіне облыс тұрғындарының тарихи жеңісі деген баға беріп, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовке алтын медаль тақты.
Ойыншыларды облыс әкімі де құттықтап, жеңіс жолында аянбай тер төккен футбол клубының құрамына, футболшыларға дем беріп, үнемі қолдау көрсетуден танбаған көпшілік жанкүйерлерге ризашылық білдіріп, алғыс айтты.
– Бүгінгі таңда облыста бұқаралық спорт түрлерін дамытуға және саламатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөліп жатырмыз. Мысалы, соңғы үш жылдың өзінде өңірде 105 шағын футбол алаңы салынды. Оның 65-і аудан орталықтары мен тірек ауылдарда, қалғаны облыс орталығында орналасқан. Алтынсарин, Қамысты аудандары мен Лисаков, Арқалық, Рудный қалаларындағы стадиондарды жаңарттық. Аманкелді, Жанкелдин, Ұзынкөл аудандарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтерді. Қостанай қаласының өзінде үлкен бассейннің құрылысы аяқталып қалды. Қазір ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар алдағы айда мұз сарайы кешені пайдалануға берілмек. Осының бәрі – өңірлік бұқаралық спортты дамытуға ықпал ететін игі шаралардың бастауы, – деді Архимед Мұхамбетов.
Облыс әкімі Президенттің кәсіби клубтарды мемлекет есебінен қаржыландыруды азайту туралы тапсырмасының орындалу барысына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұдан үнемделген қаржы мемлекеттік тапсырысты орындайтын жекеменшік спорт мекемелерінің игілігіне жұмсалуда. Бүгінде облыста 3 мыңнан астам бала түрлі спорт секцияларына тегін барып жүр. Олардың ішінде тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 300 бала бар.
Марапаттау рәсімі аяқталған соң футболшылар жанкүйерлермен бірге суретке түсті. Салтанатты іс-шараның соңы алыс-жақыннан келген эстрада әншілерінің концертіне ұласты.
https://egemen.kz