Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗҮЛФИЯ ЧИНШАНЛО ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

ЗҮЛФИЯ ЧИНШАНЛО ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп ады. Осылайша, Қазақстанның қоржынына үшінші қола медальді салды.
Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123 келіні көтерді. Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді. Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды. Жалпы есебі Қазақстанда үш қола бар. Бұған дейін Елдос Сметов (дзюдо) пен Игорь Сон (ауыр атлетика) үздіктер қатарынан көрінген болатын.

«Өскен өңір» ақпарат
27 шілде 2021 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30