Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада құрамасы хоккейден әлем чемпионатының 27 дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24». Финалдық сында команда Финляндияға қарсы ойын өткізді. Осыдан екі жыл бұрын қос елдің хоккейшілері дәл осылай ақтық сында жолыққан еді. Ол кезде финляндия спортшылары басым түсті. Осы жолғы тартыста қос құрама бір-біріне лайықты деңгейде қарсылық көрсетті. Ойынның 8-минутында Финляндия сапынан Микаэль Руохомаа мергендік танытса, 24-минутта канадалық Макс Комтуа көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 45-минутта Петтери Линдбом Финляндия құрамасы тағы да алға шығарды. Канадалық Адам Хенрик 52-минутта таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Ал 66-минутта Ник Пол жеңіс шайбасын соқты. Осылайша Канада өз тарихында 27-мәрте алтыннан алқа тақты. Бұдан бұрын канадалық хоккейшілер 2016 жылы жеңіс тұғырына көтерілген еді.

https://24.kz​​​
07 маусым 2021 ж. 303 0