Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның Суперкубогі: «Тобыл» финалға суырылып шықты

Қазақстанның Суперкубогі: «Тобыл» финалға суырылып шықты


Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында «Қайраттан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz. Есеп 10-минутта ашылды. «Қайраттың» қорғанысындағы қателіктен соң Асхат Тағыберген гол соқты. Дегенмен, бірінші тайм аяқталғанша алматылық команда таразы басын теңестіріп үлгерді. Ал екінші таймда Артур Шушеначев командасын алға шығарды.  Бұдан кейін «Тобыл» екі минутта екі гол соғып, жеңіске жақындай түскен. Алдымен 74 минутта Сергей Малый көзге түссе, артынша Серікжан Мужиков қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда қырғыз «Мессиі» әдемі гол соғып, жеңіске деген үміт отын қайта жақты.  Матчтың негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша 30 минутта командалар гол соқпады. Осылайша финалдың жолдамасы пенальти сериясында шешілді. 11 метрлік нүктеде «Тобыл» ойыншылары мергендік танытып, Суперкубоктің финалына шықты.  Жартылай финалдың алғашқы матчында «Астана» «Шахтерді» 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған еді.  «Тобыл» – «Қайрат» – 3:3, пенальти – 4:2  Голдар: Асхат Тағыберген 10, Сергей Малый 74, Серікжан Мужиков 76 – Небойша Косович 40, Артур Шушеначев 67, Гүлжігіт Алықұлов 90+  Алаңнан қуылды: Нұрәлі Әліп 90+6.

04 наурыз 2021 ж. 463 0