Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның хоккей құрамасы Беларусьті жеңді

Қазақстанның хоккей құрамасы Беларусьті жеңді

Хоккейден Латвияда өтетін әлем біріншілігі алдында Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңді. Шешуші матчта Юрий Михайлис шәкірттері қарсыластың қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Осылайша шабуылшы Кёртис Волк пен қорғаушы Даррен Диц командасын алға шығарды.  Белорусь құрамасының ойыншылары буллит сериясында мықтылық танытты. Ертең қос команда әлемдік додаға дайындық аясында тағы бір жолдастық матч өткізеді. Еске сала кеткен жөн, біріншілік 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Ұлттық құрама турнирді 22 мамыр күні мұз айдыны қожайындарына қарсы ойынмен бастайды. Команда капитаны болып Әлихан Әсетов таңдалды. Отбасылық жағдайына байланысты қақпашы Хенрик Карлссон жарысқа қатыса алмайтын болды. Оның орнына Ригаға теміртаулық Демид Еремеев барады.
https://24.kz​​​
14 мамыр 2021 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31