Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Армения және Литва құрамаларымен Қазақстан қанша рет кездесті?

Армения және Литва құрамаларымен Қазақстан қанша рет кездесті?

Наурыздың 27-і және 30-ы күндері Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда екі жолдастық кездесу өткізеді. Михал Билек баптайтын еліміздің бас командасы алдымен Литва құрамасымен, сосын Армения құрамасымен бақ сынасады. Бұған дейін Қазақстан армяндармен жеті мәрте, литвалықтармен бір мәрте жас алаңда кездескен болатын, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан мен Армения құрамалары алғаш рет 2004 жылы 19 ақпанда өзара матч өткізді. Матч Кипр футбол федерациясының кубогына арналған VIII халықаралық турнир аясында өтті. Леонид Пахомов басқарған Қазақстан құрамасы пенальти сериясында 3:2 есебімен армяндарды жеңді, ал негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапында Нұрбол Жұмасқалиев (дубль) мен Андрей Финонченко мергендік танытты.

2007 жылдың 2 маусымында Еуропа-2008 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Арно Пайперсті баптауымен Арменияға Алматыда (1:2) жол берді, ал отандық команда құрамында жалғыз голды Руслан Балтиев соқты. Ал сол жылдың 21 қарашасында Қазақстан құрамасы есе қайтарып, Армения құрамасын Ереванда (1:0) тізе бүктірді. Сол кездесуде шешуші голды Сергей Остапенко соқты.

2008 жылдың 26 наурызында Армения мен Қазақстан құрамалары Голландияның Роттердам шаһарында өткен жолдастық кездесуде жол түйістірді. Сол ойында армяндар жеңіске жетті-1:0.

2012 жылдың 5 маусымында Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Арменияның мықтылығын тағы да мойындады (0:3).

Ресейде өткен әлем чемпионатына іріктеу аясында Армения мен Қазақстан бір топқа түсіп қалды. 2017 жылдың 26 наурызында Армения мемлекетінің астанасында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Сол жылдың қазан айының 10-ы күні "Астана Аренадағы" қарымта матчта 1:1 есебі тіркелді. 26-шы минутта армян футболының жұлдызы Генрих Мхитарян есеп ашты. Екінші таймда Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді.

Литва құрамасымен Қазақстан өз тарихында бір мәрте жолдастық кездесу аясында кездесті. Матч 2014 жылдың 5 наурызында Түркияның Анталья қаласында өтті. 1:1 есебімен аяқталған ойында Қазақстан сапынан Нұрбол Жұмасқалиев гол соқты.
13 қаңтар 2020 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930