Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

15 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фристайлдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында параллельді могулдан әйелдер арасындағы доданың жеңімпаздары белгілі болды. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді.
Анастасия Городко кіші финалда канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан озық шықты. Бұл сайыста ресейлік спортшы қыздардың бағы жанды. Алтын жүлдені Анастасия Смирнова, күмісті отандасы Анастасия Лазаренко иеленді. 
Қола медальды иеленген отандасымыз Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді. 

massaget.kz
10 наурыз 2021 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728