Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Юлия Галышева Әлем кубогында бірінші орын алды

Юлия Галышева Әлем кубогында бірінші орын алды


Астана, baq.kz. Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлімдеді."Бұл ұзақ жаттығудың жемісі. Алда да осы қарқыннан түспейміз деп ойлаймын. Әрине, менің командамсыз, жанкүйерлерімсіз бұл жетістікке жету мүмкін емес еді. Сондықтан барлығына алғыс айтамын" деді Юлия Гаоышева.
Финалда жерлесіміз 79,10 ұпаймен бірінші орын иеленді. 
Екінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинады.
Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады.
Еске сала кетейік, Юлия Галышева өткен жылы желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде  күміс медаль алған болатын.

13 қаңтар 2019 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031