Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Чемпиондар лигасы: Роналду бастаған Ювентус жарыс жолынан шығып қалды

Чемпиондар лигасы: Роналду бастаған Ювентус жарыс жолынан шығып қалды

© Reuters
9 наурызда Турин мен Дортмундта Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары өтті.
"Ювентус" "Портуды" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Туриндіктер сапында Федерико Кьеза (дубль) мен Адриен Рабьо гол соқты. Ал португалиялық ұжым сапында Сержиу Оливейра дубль жасады. Екі голды командалар овертаймда соқты.
54-минутта "Порту" ойыншысы қызыл қағаз алып, қонақтар он футболшымен ойнады.



Бұл жеңіске қарамастан Криштиану Роналдудың командасы ширек финалға шыға алмады. Алғашқы ойында португалиялық клуб 2:1 есебімен жеңген. Осылайша, "Порту" сырт алаңда соққан голының арқасында келесі кезеңге жолдама алды. 
Бұл матчпен қатар өткен ойында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында "Севильямен" тең түсіп, ширек финалға шықты. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд дубль жасап, алаң иелері алда тұрған. Бірақ қонақтар сапында Юссеф Эн-Несири екі гол соғып, таразы басын теңестірді. 
"Боруссия" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. "Севильяның" алаңында өткен алғашқы ойында дортмундтықтар 3:2 есебімен жеңген болатын. 
10 наурыз 2021 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930