Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Порту» футболшылары «Ювентусты» жеңді

«Порту» футболшылары «Ювентусты» жеңді


«Порту» «Ювентусты жеңді. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Оның аясында португалиялық клуб өз алаңында «Ювентусты» қабылдаған еді. Алаң иелері екінші минутта есеп ашты. Шабуылшы Мехди Тареми берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Ойынның ортасына қарай командаласы МуссА Марега есепті еселеді. Ал қонақтар сапынан 83-минутта Федерико Кьеза гол соқты. Қорытыды есеп 2:1. Қарымта матч 9 наурызда Италияда болады. Ал «Боруссия» «Севильядан» басым түсті. Испанияда өткен ойында 5 гол соғылды. Эрлинг Холанд дубль авторы атанды. Бұған қоса дортмундтық клуб сапынан Эрлинг Холанд мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 2:3. Бұл командалар да енді 9 наурызда қайта кездеседі.  Негізгі чемпионат аяғына қарай тартыс күшейді. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Оның аясында  «Алматы» мен «Ақтөбе» хоккейшілері кездесті. Қазір бұл командалар тунир тізімінің 8 және 9-сатыларында тұр. Сәйкесінше плей-офф жолдамасына таласта басты бәсекелес саналады.  Алматыда өткен матч қонақтардың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 2:3. Ал чемпионаттың үздігі «Торпедо» бұл жолы «Теміртау» командасымен жолығып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Құлагер» мен «Арлан» арасындағы матчта 2:4 есебі тіркелді. Аталған командалардың барлығы да плей-оффқа өтетін алдыңғы сегіздікте кіреді. Айта кетейік, қалыптасқан жағдайға байланысты биылғы чемпионат бір кезеңнен ғана тұрады. Яғни жарысқа қатысып жатқан 13 команда 10 наурызға дейін 52 матчтан өткізіп үлгеруі керек.


18 ақпан 2021 ж. 456 0