Қазақстандық гимнаст әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды
Аустралияда өткен әлем кубогында отандасымыз Нариман Курбанов алтын жүлдені қанжығасына байлады. Мельбурн қаласында өткен жарыста ол ат үстіндегі жаттығудан 14,933 ұпай жинап топ жарды деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
20 жастағы Нариман үшін бұл - екінші халықаралық турнир болды. Жарыс алдында қатты қобалжығанын және алтын алып кететінін ойламағанын айтқан отандасымыз ағынан жарылды. Қазақстанныңәлем кубогында жүлдерінің аздығы жас спортшыны одан сайын жігерлендіре түскен сияқты. Оның ендігі жоспары – Баку (14 мен 18 наурыз аралығы) мен Доху (24 мен 27 наурыз) қалаларында өтетін әлем кубоктарына қатысу. Алматылық гимнаст өз командасымен бұл сапарларға екі аптадан кейін аттанбақшы.