Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Василий Левит: Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын 

Василий Левит: Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын 

BAQ.KZ. Амманда бокстан іріктеу турнирінде қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада жолдамасымен қатар, ел қоржынына екінші алтынды салды. Ол жанкүйерлерге қолдағаны үшін алғыс айтты, деп жазды Olympic.kz.

Осы турнирді ұтып, жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Іріктеу турнирі басқаға қарағанда жауапкершілігі жоғары дода. Кездесу барысында жаттықтырушы айтқан кеңесті орындауға барынша тырыстым. Нәтижесінде, айтқан ақылын тыңдап, жеңіске жеттім. Мені қолдаған жанкүйерлеріме, дайындаған бапкерлер мен дәрігерлерге, біздің жарысқа қатысуымызға көмектескен барлық мамандарға алғысымды айтамын. Спортшы үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды және соған лайық болғаныма қуанамын. Іріктеу турнирінде барлық қарсыластарым осал болған жоқ. Әр кездесу маған ерекше сабақ болды. Енді осы жарыста жіберген қатені болдырмау үшін әрі қарай тынбай еңбектенеміз, - дейді Василий Левит.
12 наурыз 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930