Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Пеле денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Пеле денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Футбол королі Пеленің жағдайы бірқалыпты. Аладоп шебері денсаулығы жақсы екенін мәлімдеп, тығыз кестеге сәйкес қоғам шаруаларына белсене араласа беретінін хабарлады. Апта басында Пеленің ұлы Эдинью тілшілерге әкесінің қатты дағдарысқа түскенін сондықтан, үйден шықпай қойғанын айтқан еді. Жасыл алаңның сайыпқыраны жамбасындағы жарақатына байланысты еркін жүре алмайды. Осыдан кейін қатты қапаланып, жатып қалған көрінеді. «Менің жағдайым жақсы. Қазір ақырындап өз еркіммен тұрып, қозғалыста жүрмін. Енді допты ұстап жүрсем деймін. Менің жасымдағы адам анда-санда сырқаттанып қалады. Ол қалыпты құбылыс. Жақсы күндермен бірге сырқаттар да қатар жүреді» дейді қазан айында 80 жасқа толатын Пеле. Бразилия құрамасы сапында әлем кубогінде үш мәрте топ жарған саңлақ бұл көрсеткіш жөнінен әлемдегі жалғыз футболшы саналады. Соңғы жылдары доп шеберінің жамбасы сыр беріп, ол ұзаққа созылған дертке айналды. Қазір Пеле өз еркімен жүріп-тұра алмайды.

https://24.kz


14 ақпан 2020 ж. 447 0