«Шахтер» шетелдік футбол агенттігіне 45 миллион қарыз
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы шетелдік футбол агенттігіне 7,4 миллион рубль(45 миллион теңге) қарызын қайтарудан жалтарып отыр, деп хабаралайды prosports.kz.
2015 жылы қарағандылықтар шетелдік футбол агенттігімен келісіп, Пламен Димовпен келіссөз жүргізіп беруін сұрайды.
Ол кезде «Қайсар» сапында доп теуіп жүрген Димов ақырында «Шахтер» сапына ауысады.
Футбол агенттігі өз қызметін толықтай атқарады, бірақ келісілген ақшаны ала алмайды.
2018 және 2019 жылғы сотта «Шахтер» футбол клубы жеңіліс табады. Бірақ әлі де қарызын қайтармаған.
Айта кетерлігі Димов қарағандылық командада тек жарты маусым өнер көрсетті.