Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиадаға дайындық барысымен бөлісті

Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиадаға дайындық барысымен бөлісті

BAQ.KZ. Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Сәрсенкүл Рысбекова жаңа олимпиадалық маусымға қатысты пікірімен бөлісті, деп жазды Olympic.kz.

Айта кетейік, спортшы ұлттық құрама командамен бірге Кувейттегі жаттығу жиынынан оралған.

Жаңа маусым басталды. Бұл кезең Олимпиада ойындарына дайындыққа бағытталған. Токио ойындары басталғанға дейін біз үш ірі әлемдік жарысқа қатысамыз. Атап айтар болсам, Катарда, Кипрде және Үндістанда әлем кубогі кезеңдері өтеді. Осы орайда, Үндістандағы кубоктік кезеңде лицензия ойнатылатынын айтқым келеді. Яғни, команданың өзге мүшелерінде жолдама алатын мүмкіндік әлі бар. Ал өзіме келер болсам, дайындық жоспардағыдай өтіп жатыр. Жақында ғана Кувейтте 20 күн оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жиында атудан бөлек, жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлген болатынбыз. Қорыта айтар болсам, Олимпиада ойындарына дайындық жақсы. Аздап қобалжу да жоқ емес. Ал төртжылдық додасындағы басты қарсыластарым – Италия, Қытай және Ресей спортшылары болмақ, - деді Сәрсенкүл Рысбекова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында "трап" бағдарламасы бойынша Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.
30 қаңтар 2020 ж. 598 0