Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Ислам «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесіне ие болды

Қанат Ислам «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесіне ие болды


Бүгін, 3 ақпан күні Астанада «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері марапатталды. Бұл жүлденің «Үздік спортшы» аталымы  бойынша көптің сүйіктісіне айналған танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Халықтың сүйіктісі» аталды. Осы орайда «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары мен барлық мүшелері, Jebeu.kz ұжымы даңықты боксшы Қанат Ислам мен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесіне ие болған барлық азаматтарды шын жүректен құттықтап, алдағы еңбек жолдарына сәттілік тілейміз.

  «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесі 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл жүлде өз еңбегімен көзге көрініп, халықтың ықыласына бөленген  азаматтар мен ұйымдарға табысталады.  Жалпы, дауыс беруге 15 негізгі номинация ұсынылды, 150 үміткердің ішінен 20 лауреат таңдалып алынды. 

photo_144448.jpg
Сонымен бірге бұл жүлдеге қоғам қайраткерлері Сәдібек Түгел, Айдос Сарым қатарлы бір қатар елге еңбегі сіңген азаматтар төмендегі номинациялар бойынша жүлдеге ие болды.
 «Үздік ұстаз» аталымы - ҚР БҒМ республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер;
 - Астанадағы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева;
 - Астанадағы №54 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рая Келесқызы.
 «Үздік дәрігер» аталымы - Алматылық хирург-маммолог, ҚР маммологтары мен радиологтары басқармасының төрағасы Шынар Талаева;
- Астаналық хирург, медицина қызметінің полковнигі Ержан Шаяхметов.
«Үздік қоғам қайраткері» аталымы - «Ұлы Дала қырандары» ұлттық қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел
«Үздік публицист» аталымы - Саясаттанушы Айдос Сарым;
- Әлеуметтанушы Зарема Шәукенова.
«Үздік парламентарий» аталымы - ҚР Парламентінің депутаты Зағипа Балиева
 «Үздік фермер» аталымы - Арал балық өңдеу зауытының басшысы Аманбай Ерхатов «Халық сүйіктісі» мүсіншесімен және «Атамекен» ҰКП төсбелгісімен марапатталды.
«Үздік бизнесмен» аталымы - Астаналық «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі Гаухар Өтелбаева «Үздік fashion майталманы» аталымы - «Bibisara» брендінің дизайнері Әсем Алтынбекова
«Үздік спортшы» аталымы   – Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам
«Үздік спортшы ару» аталымы - Кәсіпқой боксшы, бокстан Әлем чемпионы Фируза Шәріпова
          «Үздік тележүргізуші» аталымы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт
 «Үздік кино қайраткері» аталымы - Режиссер Ақан Сатаев
 «Үздік ақпарат порталы» - Tengrinews.кz сайты
 «Блогосфера көшбасшысы» - Заңгер Айгүл Орынбек
 «Жылдың үздік вайнерлері» - «Нагимуша» лақап атымен танымал Нағима Ахметова
Құрметті номинациялар бойынша
 «Жыл құрметтісі» - Украинаның «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен қазақстандық Данэлия Төлешоваға, «Жыл жаңалығы» - «Qazaqstan» телеарнасына «Табыс пен даму» - «ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетіне», «Жыл меценаты» - Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қайырымдылық қорының президенті Махмұт Нәлібаевке.«Алтын дәуір» құрметті номинациясы - танымал ақын Шөмішбай Сариевке берілді.
1411531083.jpg
Айта кетсек, «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесін тағайындау идеясы 2011 жылы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының жетекшісі, блогер Ғалым Байтұқтың ықпалымен жүзеге асқан болатын. Осы уақыт аралығында жүлде «Халықтың сүйіктісін» таңдауға арналған платформаға айналды.
Jebeu.kz
18 ақпан 2018 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930