Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболшыларға шабуылдаған адам 10 жылға сотталды (видео)

Футболшыларға шабуылдаған адам 10 жылға сотталды (видео)

Лондондық «Арсенал» клубының футболшылары Месут Өзіл мен Зеад Колашинацқа шабуыл жасағандардың бірі 30 жастағы Эшли Смит 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың тамыз айында Смит өзінің сыбайласы 26 жастағы Джордан Нортовермен бірге Өзіл мен Колашинацты тонамақ болған. Қылмыскерлер скутермен футболшылардың автокөліктеріне жақындап келіп, пышақпен қорқытпақ болған еді. Месут көліктен шығып, көмек сұрауға сол жердегі ресторанға қарай жүгірген, ал Зеяд шабуыл жасағандармен төбелесіп, оларды қуып жіберген. Нәтижесінде футболшылар жапа шеккен жоқ. Полиция да көп ұзатпай қылмыскерлерді аңдып жүріп, құрықтады.
Нортовердің ісі бүгін, 9 қарашада қаралмақ.


09 қараша 2019 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30