Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсылық таныта алмады

Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсылық таныта алмады

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгия футболшыларын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана Аренада» өткен ойын 0:2 есебімен аяқталды.
Осыдан үш күн бұрын дәл осы алаңда Кипр құрамасынан 1:2 есебімен ұтылған қазақстандықтар әлем алпауыты Бельгияға еш қаурқар таныта алмады. Бірақ әділінін айтқанда Қазақстан құрамасының бүгінгі ойыны үш күн бұрынғыдан әлдеқайда жақсы болды.
Бұған бас бапкер Михал Билектің негізгі құрамға енгізген бірқатар өзгерісі себеп болған шығар. Билек бапкер бүгін бас шабуылшысыз ойнады. Шабуыл туын капитан Бауыржан Исламхан мен Максим Федин ұстады. Оның үстіне сол қапталда Шомко мен Сүйінбаев қатар шықты. Бұның соңғысы сол қапталдағы шабуылшының міндетін атқанды. 90 минут бойы атша шабатын Ғафуржан бұл міндетті нашар атқарған жоқ. Ал оң қапталда Абзал Бейсебеков өнер көрсетті. Өткен ойында осы қапталда Ян Вороговский өте сүреңсіз ойнаған еді. Орталық алаңда Георгий Жуков шықты.
Ойынның алғашқы он-он бес минутында біздің жігіттер тәп-тәкір шабуылдағанымен, есеп аша алаған жоқ. Есесіне қонақтардың шабуылшысы Батшуайи 21-ші миунтта гол соқты. Бірінші тайм осы есеппен аяқталған. Ал екінші таймда қонақтар тағы бір мәрте мергендік танытты. Бұл жолы жолы болған оң қапталдағы қорғаушы Менье болатын.
Өз алаңымыздағы екі жеңілістен кейін турнирлік кестеде төмендеп кеттік. Осыған дейін үшінші орында тұрған Қазақстан құрамасы басты бәсекелесі Кипрден жеңіліп, төртінші сатыға сырғыған. Ал бүгінгі жеңілістен кейін бұл орынды да сақтап қала алмайтын секілдіміз. Себебі, түн ауа Сан-Мариномен ойнайтын Шотландия құрамасы үшін үш ұпай қол жетпес биікте тұрған жоқ. Демек, Қазақстан құрамасы өз тобындағы бесінші орынға табан тірейтін шығар.

Қазақстан - Бельгия - 0:2

Гол соққандар: Батшуайи, Менье

Қазақстан: Непогодов (қ), Марочкин, Малый, Керімжанов, Бейсебеков, Жуков, Әбікен, Шомко, Федин, Сүйімбаев, Исламхан (к).

Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Вермален, Вертонген, Витсель, Эден Азар , Мертенс, Менье, Торган Азар, Прат, Батшуайи.
14 қазан 2019 ж. 343 0